Бүгін Талдықорғанда марқұм Шерзат Полаттың өліміне қатысты кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Бүгінгі жарыссөзде айыпталушылар мен олардың аналары соңғы сөздерін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сот отырысында айыпталушылар мен олардың аналары жәбірленуші тараптан кешірім сұрап, балаларына әділ жаза тағайындауды, әділдікті сұрап, балаларының кінәсіз екенін айтып жылап қалды. Дидар Қалиахметтің жұбайы да көзіне жас алған.
Сот залында отырған қорғаушы тараптан келген ер адамдар да, соңғы сөздерін айтқан айыпталушылардың өздері де жыларман болып қалды.
Соңғы сөзін айтқан Азамат Тоқтаубаев өз анасынан кешірім сұрады.
«Анашым кешір бізді, жазамызды өтеген соң шығамыз.
Анашым, амал бар ма мына сорға,
Бүркіт ем аспанда ұшқан, түстім сорға», - деп сөзін аяқтады ол.