Германияда 6 – 18 жас аралығындағы балаларға балабақша мен мектепке барғаны үшін ай сайын мемлекет 10 еуро төлемек. Бұл қаржы тікелей инвестициялық шоттарға түседі, деп хабарлайды turkystan.kz cnbc.com-ға сілтеме жасап.
Билік өкілдерінің айтуынша, бастама балаларды қаржылық сауаттылыққа баулып, ақша жинау мен инвестициялау мәдениетін ерте жастан қалыптастыруды көздейді.
«Біз балалардың ақшаның қалай жұмыс істейтінін түсінгенін қалаймыз. Бұл олардың болашағына жасалған ұзақмерзімді инвестиция», – деп жазылған ресми мәлімдемеде.
Жоба аясында ашылатын арнайы шоттар арқылы балалар өз жинақтарын жыл сайын арттыра алады және өскенде бұл қаражатты оқуға, тұрғын үйге немесе кәсіп бастауға пайдалануына мүмкіндік болады.