Экскурсия жүргізіп, дәретхана жуады: Исландияның бұрынғы президенті саябақ күзетшісі болып жұмысқа тұрған

/
Экскурсия жүргізіп, дәретхана жуады: Исландияның бұрынғы президенті саябақ күзетшісі болып жұмысқа тұрған
сурет: iznanka.news

Исландияның бұрынғы президенті Гудни Т. Йоханнессон елдің ұлттық саябақта қарапайым қызметкер ретінде жұмыс істеп жүр, деп хабарлайды turkystan.kz icelandmonitor.mbl.is-ке сілтеме жасап.

Исландияның бұрынғы президенті Гудни Торласиус Йоханнессон (2016–2024) ел басшылығынан кеткеннен кейін көпшілік күтпеген жолды таңдады. Ол экскурсия жүргізіп, тіркеу бөлімінде кезекшілік етеді, тіпті дәретханаларды да өзі тазартады.

«Олар өздігінен тазаланбайды ғой», — дейді Йоханнессон бір сұхбатында күле жауап беріп.

Экс-президент бұл жұмысты мінсіз қызмет деп есептейді, себебі «Табиғат, геология, тарих – бәрі бір жерде тоғысқан».

Оның айтуынша, қарапайым еңбек арқылы елге қызмет етудің басқа да маңызын түсінуге болады.

Гудни Йоханнессон 1987 жылы Рейкьявик университетін, ал 1991 жылы Уорик университетін тарих және саясаттану мамандығы бойынша бітірген. Университет қабырғасында орыс және неміс тілдерін меңгерген. 1997 жылы Исландия университетінде тарих магистратурасын, 1999 жылы Оксфорд университетінде тағы бір магистратураны тәмамдаған. Ал 2003 жылы Лондондағы Queen Mary университетінен PhD дәрежесін алған.

Ол Исландия, Рейкьявик, Бифрёст және Лондон университеттерінде дәріс оқыған. 2016 жылдан бастап Исландия университетінде профессор болып қызмет етті. Зерттеген тақырыптары – «Треска соғыстарының» тарихы мен 2008–2011 жылдардағы Исландия қаржы дағдарысы.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары