Астанада жасөспірім көпірдің аркасына шығып кеткен (ВИДЕО)

/
Астанада жасөспірім көпірдің аркасына шығып кеткен (ВИДЕО)
видеодан скриншот

Жасөспірімнің көпірдің аркасына шығып алғанын көрген куәгер әйел оны таспаға түсіріп алған, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Кері бұрылып, дәл солай баяу түс. Бетіңмен емес, кері бұрылып түс. Құлап кетесің», – деген әйел видеода көпірден түсіп келе жатқан жасөспірімге.

Жасөспірім кері бұрылып, бірақ содан кейін қайта жоғары көтеріліп кеткен.

Әйелдің айтуынша, көпірдің арғы бетінде жасөспірімді ТЖД мен полиция қызметкерлері күтіп алған, оларды ол алдын-ала шақырған.

«Аталған факт бойынша кәмелетке толмаған баланың заңды өкіліне оның тәрбиесі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік іс қозғалды. Сонымен қатар, жасөспірімдермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді», – деп хабарлады Есіл ауданының полиция басқармасы.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары