Қайғылы оқиға 24 мамыр күні Капшағайдағы демалыс базаларының бірінің маңында болған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Көмекке жүгірген бірнеше адам да зардап шеккен, оларды да тоқ соққан.
«24 мамыр күні күндізгі сағат 12 шамасында менің жиенім барханға ойнауға барған. Ол аспан аясында көзге көрінбейтін салбыраған сымды байқамай қалған болуы мүмкін. Салдарынан оны тоқ соқты. Бұл бойынша қорытынды бар. Жиенімді тауып алып, көмекке жүгірген әжеміздің дауысына алғаш жеткен қызды да тоқ соқты. Оның денесінде екінші дәрежелі күйік бар. Ағасына еңкей деп айқайлап үлгерген. Тағы бір жігітті де тоқ соққан», – деді марқұм баланың тәтесі.
Қонаев қаласының әкімдігі мәлімдегендей, аталған аумақтағы электр желілері жекеменшікке тиесілі.
"Қайғылы оқиғадан кейін бағандар жағажайдан алыстау жерге ауыстырылды. Аталған факті бойынша Қонаев қаласының полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жағдай әкімдіктің бақылауында", – деді Қонаев әкімдігі.