«Күдікті ұсталды»: Ақтөбеде бір апта бұрын жоғалып кеткен дәрігердің мәйіті табылды

/
«Күдікті ұсталды»: Ақтөбеде бір апта бұрын жоғалып кеткен дәрігердің мәйіті табылды

Белгілі нефролог дәрігер өлі күйінде табылды, оның өліміне күдікті ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Нефролог-дәрігер Абай Айсағалиев 23 мамырда жоғалып кеткен еді. Оны іздеуге еріктілер қосылған.

Бүгін ер адамның өлі күйінде табылғаны белгілі болды. Полиция күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

– Адамның жоғалып кеткені туралы өтініш бізге 29 мамырда келіп түсті. 1956 жылы туған, бұрын хабар-ошарсыз кеткен ер адамды өлтірді деген күдікпен 31 жастағы Ақтөбе тұрғыны анықталып, ұсталды. Барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс бойынша өзге ақпарат жария етуге жатпайды, – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары