Қазақстандық екі каратэші алғаш рет Grand Winner жүлдесін иеленді

/
Қазақстандық екі каратэші алғаш рет Grand Winner жүлдесін иеленді

Марокко астанасы Рабатта каратэден (WKF) жылдың қорытындысы Премьер-лига санатындағы турнирі аяқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Биылғы 4 жарыстың нәтижесінде өз салмағындағы рейтингте көп ұпай жинаған отандасымыз Мөлдір Жаңбырбай (-50 кг) мен Әсел Қанай (-61 кг) үздік спортшыға берілетін Grand Winner номинациясына ие болды.

Айта кетейік, осыған дейін Ұлттық құраманың 2 спортшысы қатар мұндай марапатқа ие болмаған. Мөлдір Жаңбырбай былтыр тұңғыш болып 50 кг дейінгі салмақта Grand Winner атанған. Ол - осы сыйлықты 2 мәрте иеленген алғашқы каратэ шеберіміз.

Мөлдір биыл Париж қаласында өткен алғашқы Премьер-лига бәсекесінде қола, Ханчжоуда күміс, Каирде алтын медаль жеңіп алған. Әсел Париж бен Каирде күміс, Ханчжоуда қола медаль олжалаған.

Сонымен қатар биыл осы атақтан Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева да үмітті болған. Алайда команда көшбасшысы Рабатта топтық кезеңнен шыға алмай, ұпай саны жағынан қарсыласын қуып жете алмады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары