Астанада 30 жастағы әйел алтын бұйымдарын ұрлаған

/
Астанада 30 жастағы әйел алтын бұйымдарын ұрлаған
Сурет: polisia.kz

Астанада алтын бұйымдарды ұрлаған 30 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Полицияға дүкен өкілі белгісіз әйелдің бутиктен алтын әшекейлерді ұрлап кеткені туралы хабарлаған.

"Дүкен қызметкерлері жоғалған заттарды тауар түгендеу кезінде анықтаған. Бейнебақылау камерасындағы жазбаларды қарау барысында, сатушы басқа клиентке назар аударған сәтте жас әйелдің алтын әшекейлерді байқатпай алып кеткені белгілі болған. Тергеу барысында күдіктінің мұндай қылмысты бұрын да жасағаны анықталды. Ол бірнеше күн қатарынан зергерлік дүкеннен ұрлық жасап жүрген.

Байқоңыр ауданының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында дүкен ішіндегі алтын бұйымдарды жасырын түрде, еркін кіру арқылы ұрлаған 30 жастағы күдіктінің жеке басын анықтады. Ұрланған заттардың жалпы құны 4 миллион теңгеден асады", - делінген Полиция департаменті хабарламасында.

Күдікті өз қылмысын мойындап, ұрлаған бұйымдардың бір бөлігін ломбардқа өткізіп, ақшасын жұмсап үлгергенін айтқан.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс тіркелді. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары