Нефролог-дәрігер Абай Айсағалиев 23 мамыр күні үйінен шығып кетіп, содан бері оралмаған. Оны іздестіру жұмыстарына еріктілер қосылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
– Абай Айсағалиевич – танымал нефролог-дәрігер, оны көпшілік жақсы таниды. Ол 23 мамыр күні үйінен шыққаннан бері хабарсыз. Туыстары қатты алаңдап отыр, – дейді «Zello Poisk» еріктісі Екатерина Голотина.
Ер адам көзілдірік тағады, бір көзі көрмейді. Үстінде қою түсті джинсы шалбар мен сұр немесе қою көк желетке болған болуы мүмкін. Егер бұл азаматты көрсеңіз немесе қандай да бір ақпаратыңыз болса, 8-707-881-20-98 немесе 102 нөміріне хабарласыңыз.