Елімізде тегін үйірмелерге арналған бірыңғай ваучер жүйесі енгізіледі

/
Елімізде тегін үйірмелерге арналған бірыңғай ваучер жүйесі енгізіледі
istockphoto.com

1 маусымнан бастап тегін үйірмелерге арналған бірыңғай ваучер жүйесі енгізіледі, деп хабарлады turkystan.kz.

Бастама Астана, Шымкент, Қарағанды, Қызылорда, Атырау және Ақтөбе қалаларында жүзеге асырылады. Жүйе балалардың мемлекеттік және жекеменшік спорттық секцияларын, шығармашылық үйірмелер мен қосымша білім беру курстарын бірыңғай цифрлық платформаға біріктіреді.

Енді ваучер білім беру ұйымына емес, тікелей балаға беріледі. Демек,  баланың спорт, шығармашылық және білім беру бағыттары арасында еркін ауысуына болады. Сондай-ақ бұрынғыдай қайта кезекке тұру немесе қаржыландырудан айырылып қалу жағдайларының алдын алуға мүмкіндік береді.

Бірыңғай ваучердің екі түрі қарастырылған:

Нысаналы ваучер – мемлекеттік мекемелерге арналған және кезекке тұруды қажет етпейді;

Әмбебап ваучер – баланың ата-анасы eGov.kz порталы арқылы жекеменшік немесе мемлекеттік емес ұйымды таңдай алады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары