"Өмір бойы ай сайын 500 доллар алады": Жазушы Әлихан Жақсылық «Mecenat.kz» әдеби байқауының жеңімпазы атанды

/
"Өмір бойы ай сайын 500 доллар алады":  Жазушы Әлихан Жақсылық «Mecenat.kz» әдеби байқауының жеңімпазы атанды
Жазушының жеке парақшасынан

Жазушы Әлихан Жақсылық  «Mecenat.kz» әдеби байқауының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әлихан Жақсылық «Тургенев көшесіндегі үй жұмысқа қабылдайды» атты романымен Қазақстан туралы үздік романдар байқауының жеңімпазы атанды.

Жазушыға қазақстандық «Freedom Finance Life» өмірді сақтандыру компаниясының 500 АҚШ доллары мөлшерінде (төлем сәтінде ҚР Ұлттық Банкінің бағамы бойынша теңгемен) өмір бойы ай сайынғы ерікті аннуитеттік сақтандыру полисі табысталды.

«Mecenat.kz» жобасының мақсаты – қазақстандық көркем әдебиетті дамыту, халық арасында оқуға деген қызығушылықты арттыру, жазушылардың кәсіби тұрғыдан өсуін қолдау және олардың шығармаларын халықаралық кітап нарығына жылжыту. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары