«Қорқынышты»: Алматыда баспалдаққа ерекше тәсілмен шыққандар елді таңғалдырды

/
«Қорқынышты»: Алматыда баспалдаққа ерекше тәсілмен шыққандар елді таңғалдырды

Аллматыда Медеудегі «Денсаулық баспалдығына» ерекше тәсілмен шыққан акробаттар көпшілікті таңғалдырды, деп хабарлады turkystan.kz.

Алматылық акробаттардың есімі – Әділет Сүбіханұлы мен Абай Оразбаев.

Видеода бірі екіншісін басымен көтеріп және тепе-теңдікті сақтай отырып, баспалдақта 842 қадам көтерілгенін көруге болады.

Әлеуметітк желіде тараған видео халық арасында қызу пікір тудырды.

«Не деген көрініс?! Күш-қуат арта берсін!», «Теріс қарап тұру деген қандай қорқынышты. Адреналинді айтсаңшы», «Аяқ-қолым дірілдеп кетті!», «Енді олай шықпаңыздаршы, қауіпті!», «Нағыз батырлар екен!» – деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, аталған әрекет кәсіби дайындықты талап етеді және өте қауіпті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары