Зардап шеккен қыз бала шұғыл түрде Атырау облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Травматолог-дәрігер Жақсылық Мағзұмовтың айтуынша, балаға жабық ота сәтті жасалған.
«Бала оң жақ иығы ығысып, сүйегі сынған. Оған тілік жасамай операция жүргізіліп, сүйек сынған жерге екі сым темір орнатылды. Қазір науқастың жағдайы тұрақты», – деді маман.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Алдын-ала мәлімет бойынша, қыз бала ойын құрылғысынан құлап кеткен.