Ақтөбелік келіншек екі баласын тұншықтырып өлтірген

/
Ақтөбелік келіншек екі баласын тұншықтырып өлтірген
Ашық дереккөзден

2025 жылдың көктемінде жұртты шошытқан отбасылық трагедияның егжей-тегжейі белгілі бола бастады. 29 жастағы келіншек кішкентай балаларына қатысты ауыр қылмыс жасады деген күдікпен тергеліп жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы stan.kz жариялады.

Оқиға 23 наурызда тіркелген. Алдын ала ақпаратқа қарағанда, күдікті бұған дейін де балаларына зиян келтіруге әрекет жасаған. Бұл жайттарды марқұм балалардың әкесі айтып берді.

— Бір күні түнде оянып кетсем, әйелім: “Қызды тұншықтырып тастадым”, – деді. Әуелде сене алмадым. Бірақ қыздың бетінде көгерген іздер пайда болды. Әйелім: “Жақында өледі”, – деп айтты. Қатты қорқып, бірден әкесіне, сосын полицияға хабар бердім, – деді ер адам.

Кейін әйелді оның әкесі Ақтөбедегі үйіне алып кеткен. Қылмыс орын алған сәтте үйде тағы туыстары болғанымен, олар басқа бөлмеде жүрген.

Күдікті үй шаруасымен айналысып, соңғы жылдары балаларын қарап отырған. Бұрын мұғалім болып жұмыс істеген, жоғары білімді. Қазір Алматы облысындағы арнайы медициналық орталықта ем қабылдап жатыр.

Әкесі бұл жағдайдан кейін қызын жазылып, қоғамға қайта оралғанын қалайды.
— Қазір Талғарда емдеуде. Балалардың артында қалған рухы үшін, ең болмаса, емделіп, адам қатарына қосылса деймін, – дейді әкесі.

Істі қарап жатқан прокурордың мәліметінше, күдікті 23 наурыз күні түскі уақытта екі баласын — ұлын және сәби қызын — қасақана тұншықтырған. Сараптама олардың механикалық асфиксиядан көз жұмғанын көрсетті. Яғни тыныс жолдарына бөгде затпен қысым түскен, қан құйылған.

1996 жылы Байғанин ауданында дүниеге келген келіншек Атырау облысының Сағыз ауылына тұрмысқа шығып, сол жақта отбасымен бірге тұрған. Қазіргі таңда психикалық жай-күйіне байланысты сот отырысына қатыспаған.

24 сәуір күні жүргізілген медициналық сараптамаға сәйкес, оның созылмалы психикалық ауруға шалдыққаны, нақтырақ айтқанда, параноидты сипаттағы депрессиялық бұзылысы бар екені анықталған. Сарапшылар күдіктінің өз әрекетіне жауап бере алмайтын жағдайда екенін көрсетіп, оны мәжбүрлі түрде емдеуге жіберу қажет деген қорытындыға келген.

Аталған іске қатысты негізгі сот процесі 10 маусымға белгіленді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары