«Рөлде жасөспірім отырған»: Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 3 адам қаза тапты

/
«Рөлде жасөспірім отырған»: Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 3 адам қаза тапты
istockphoto.com

Алматы облысында кәмелетке толмаған жүргізуші басқарған көлік апаты салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«27 мамыр күні сағат 04:20 шамасында Төңкеріс – Байсерке – Қараой автожолының 44-шақырымында Mitsubishi Galant маркалы автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Алдын-ала мәлімет бойынша, кәмелетке толмаған жүргізуші көлікті басқара алмай, көлік ағашқа соғылған. Жол апаты салдарынан жүргізуші мен жолаушылардың бірі оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі жәбірленуші медициналық мекемеге жеткізілді, алайда дәрігерлердің күш салғанына қарамастан, олардың бірі қайтыс болды», – делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, қажетті сараптамалар тағайындалды.

«Барлық мән-жайлар анықталғаннан кейін заңды өкілдерге қатысты да қолданыстағы заңнама аясында шешім қабылданады», – делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары