Белгілі әнші Нұрлан Еспанов ұлы Олжас үйленіп, Жамбыл облысы Бауыржан Момышұлы ауданының тұрғындарымен құда болғанын көрсетті, деп хабарлады turkystan.kz.
Өнер иесі отбасымен бірінші жөн-жоралғысымен құда түсіп, кейні сырға салып, ұзатып алып кетті. Келінінің есімі – Айнұр.
«Құдалық мың жылдық болсын. Бурныйдағы құдалықтан естелік болсын!», – деп жазды ол.
Желі қолданушылары да таңданыстарын жасырмай, екі жасқа бақыт тіледі.
«Келіннің аяғы құт болып келсін», «Керемет, текті жермен құда болыпсыз», «Жастар бақытты болсын», «Келін енесінің топырағынан болып тұр ғой», «Келін енесіне ұқсайды екен»,– деп жазды көпшілік