Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады turkystan.kz.
Екі ел басшысының әңгімелесу барысында сауда-экономика, энергетика салаларындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.
Президенттер екі ел арасындағы достыққа, тату көршілікке және одақтастыққа негізделген мемлекетаралық байланыс қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
Айта кетейік, Астанада Қазақстан мен Ресейдің мәңгілік достық аллеясы ашылды.