38 градусқа дейін: Мамыр соңында Қазақстанда ауа-райы қандай болады?

/
38 градусқа дейін: Мамыр соңында Қазақстанда ауа-райы қандай болады?
istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 2025 жылғы 29-31 мамыр аралығына арналған ауа-райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, суық антициклон елдің шығыс бөлігінде өз әсерін жалғастырады – түнгі уақытта кейбір аймақтарда 3 градусқа дейін үсік күтіледі.

«Тіпті республиканың оңтүстік-шығыс тұрғындары да антициклонның әсерін сезінеді, бұл өңірде күндіз бұл мезгілге тән емес 20-25 градус жылы болады. Ал батыс аймақтарға Иран аумағынан келетін жылы ауа массалары әсер етіп, жауын-шашынсыз ауа райын сақтайды және температураны 33-38 градусқа дейін көтеретін қатты ыстыққа әкеледі», – делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары