«Қазселденқорғау» облыстық филиалының басшысы сотталды

/
«Қазселденқорғау» облыстық филиалының басшысы сотталды
istockphoto.com

Өскемен қаласының № 2 соты «Төтенше жағдайлар министрлігінің Қазселденқорғау» ММ облыстық филиалының басшысы С.Станбековке қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол қала тұрғынын филиалға жалған жұмысқа орналастыру арқылы 2,7 млн теңге жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымды қызметтер атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары