"Бізде бәрі – бокстан эксперт": Мерей Ақшалов келесі Олимпиадаға қойылған меже туралы айтты

/
"Бізде бәрі – бокстан эксперт": Мерей Ақшалов келесі Олимпиадаға қойылған меже туралы айтты
Видеодан скриншот

Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы, әлем және Азия чемпионы Мерей Ақшалов 2028 жылы Лос-Анжелесте өтетін Олимпиадаға қойған меже туралы айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ақырыс Сейітқазының YouTube парақшасына берген сұхбатында ол басты меже – Олимпиада алтыны екенін айтып өтті.

"Соңғы екі Олимпиадада алтын болмады. Бір күміс, бір қола болды. Оның алдында екі қола болды. Олимпиаданың 14 салмағынан 14 медаль алып келіп, бірақ алтын болмаса біз үшін қанағаттандырлық емес. Елде бүкіл бокс десе ішер асын жерге қойып, бәрі қарайды. Сондықтан бізде бәрі – экспорт бокстан. Болды, енді соның бәрін алдын алу керек. Бізге алдағы мақсат – Лос-Анжелесте өтетін  2028 жылғы Олимпиадада алтын алу", – дейді Мерей Ақшалов.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары