Ақтөбе облысындағы Дон тау-кен байыту комбинатына (ERG компаниялар тобына кіреді) қарасты “Болашақ” шахтасының өндіру блогында монтаж жұмыстары кезінде өрт болған еді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиға болған сәтте блокта жабдық орнатумен айналысып жатқан үш кезекші электр слесарьші болған. Олардың беті мен қолының білезік тұсын күйік шалған.
Зардап шеккендер шұғыл түрде Хромтау қаласындағы Орталық аудандық ауруханаға жеткізіліп, оларға қажетті білікті медициналық көмек көрсетілді.
ERG баспасөз қызметінің хабарлауынша, кәсіпорын басшылығы медициналық персоналмен және зардап шеккендердің туыстарымен үнемі байланыста.