Рудныйдың 5 тұрғыны ер адамды сабап, 10 млн теңге талап еткен

/
Рудныйдың 5 тұрғыны ер адамды сабап, 10 млн теңге талап еткен
istockphoto.com

Рудный қаласының бес тұрғыны 2024 жылдың маусымында интернеттен жәбірленуші азаматтың суреттерін көріп, оны есірткі жасырушы деп ойлаған. Сөйтіп оны қала сыртына алып кетіп, күш қолданып, қорқытып, 10 миллион теңге талап еткен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жәбірленуші аталған соманы бере алмағандықтан, айыпталушылар оның қымбат мүліктерін алған. Оның ішінде Arctic қар шаңғысы, ВАЗ-2106 және ВАЗ-2107 автокөліктері, сондай-ақ KTM-690 мотоциклі бар. Сондай-ақ жәбірленушіні өзге біреудің шотына 100 мың теңге аударуға мәжбүрлеген.

Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын 11,8 миллион теңгеден асады.

«Кейіннен айыпталушылар ВАЗ автокөліктерінің бірінің басқа тұлға атына тіркелгенін біліп, жәбірленушіге қысым көрсетіп, одан iPhone 15 және iPhone 15 Pro Max маркалы бес смартфон сатып алып беруді талап еткен. Бұл қосымша 3,4 миллион теңгеден астам шығын келтірген. Сот процесі кезінде барлық бес айыпталушы кінәсін мойындап, жасаған істеріне өкініш білдірді. Сот олардың келтірілген залалды өз еркімен өтеуі, өкініш білдіруі және кейбірінің кәмелетке толмаған балалары барын ескеріп, жаза тағайындау кезінде жеңілдететін мән-жайлар ретінде қабылдады. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ», – делінген сот хабарламасында.

Бес күдіктінің үшеуі 5 жылға, екеуі 5 жыл 6 айға бас бостандықтарынан айырылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары