Қытайдың Ханчжоу қаласында бокстан роботтар арасында турнир ұйымдастырылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жарыстар екі кезең бойынша өткізілді. Алдымен роботтар «бой сергітіп», жаттығу жасаса, екінші кезеңде рингте не істей алатындарын көрсетті.
Роботтарға қашықтан мамандар тобы көмектесті. Олар роботтарға алдын ала код жазған-тын. Мамандар аталған код бойынша оларды қозғалуға, ұруға және шын боксшылар секілді қарсылас шабуылынан қорғануға үйретті.
Кездесу кезінде бірнешеуі қарсылас соққысынан емес, тепе-теңдік ұстай алмағандықтан «нокаутқа» түсіп қалды.