Атыраудағы мектепте 7 жастағы оқушының саусағы жұлынып кеткен

/
Атыраудағы мектепте 7 жастағы оқушының  саусағы жұлынып кеткен
скриншот

Атырауда 7 жастағы қыздың қолы денешынықтыру сабағында қараусыз жатқан спорттық құрылғыға қысылып қалған. Оқушының анасы қайғылы жағдайға мектеп басшылығын кінәлап отыр, деп хабарлады turkystan.kz сайты Информбюроға сілтеме жаса хабарлайды.

Оқыс оқиға 2 апта бұрын болған. Жеті жастағы қыздың анасы оқушыларды қараусыз қалдырған ұстаздар жазаланып, материалдық шығын өтелсін деп отыр. Себебі қызына әлі де ем-дом керек екенін айтты.

«Балам түнде шошып оянады. Ауруханада жатқанда “мама мен қорқып жатырмын деп” жалғыз өзі жатып жылайды. Мектеп басшылығы ешқандай көмек көрсеткен жоқ. Мұғалімдерден ақша жинаймыз деді. Онымен ол неге жетеді. Мен қызымды жан-жаққа апаруым керек. Мәскеу, Екатеринбург, Корея, Индия. Бала 18-ге толғанда жасалады екен. Ертең мектепте кекете ма деп қорқамын», – дейді оқушының анасы Нұргүл Тәкенова.

Мектеп әкімшілігі құрылғылар орнатылған аумақты қоршап қойыпты. Бірақ жәбірленушінің анасы ұстаздар қауіпсіздік шараларын тым кеш жасады деп ашынды. Оның айтуынша, бұл жерде бастауыштың оқушылары талай мәрте жарақат алған.

Темір құрылғы оқушының бір саусағын жұлып әкетіп, тағы біреуін сындырып жіберген. Жеткіншек қатты шошып қалған дейді анасы. Мектеп директоры балаларды қараусыз қалдырып, салғырттық танытқан мұғалімге ескерту бердік деп отыр. Себебі бұл жерде жоғары сыныптың балалары шынығуы тиіс екен.

«Бұл жерде қате, бастауыш сынып мұғалімі бұл жерге әкелмеуі керек еді. Мен жиналыстарда айтып отырамын. Балаларыңыз келген ғой, жабық алаңға. Балалар сұраған соң келеңсіз жағдай болып қалды. Енді ол кісіге ескерту бердім», – дейді Ж. Нәжімеденов атындағы №2 мектеп директорының уақытша міндетін атқарушы Жанна Құлбатырова.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары