Алматы облысында пойыз бен автокөлік соқтығысты

/
Алматы облысында пойыз бен автокөлік соқтығысты
Фото: "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

Бүгін Достық-Бескөл учаскесінің күзетілмейтін өткелінде жеңіл автокөлік жолға кенеттен шығып кеткен, деп хабарлайды ҚТЖ-ға сілтеме жасаған turkystan.kz.

"Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Ақпарат Достық станциясының ЖПБ-на берілді. Жол-көлік оқиғасы пойыздардың жүру кестесіне әсер етті. Биылғы жылдың бес айында теміржол өткелдеріндегі жол-көлік оқиғалары саны 20 пайызға өскен.

ҚТЖ жүргізушілерді өте мұқият болуға және темір жолдарды кесіп өту ережелерін қатаң сақтауға шақырады", - делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары