Алимент қарызы 7 млн теңгеден асқан әке бас бостандығынан айырылды

/
Алимент қарызы 7 млн теңгеден асқан әке бас бостандығынан айырылды
istockphoto.com

Павлодар облысында алиментті қасақана төлемеген азаматқа қатысты Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның қарызы 7 миллион теңгеден асқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сот үкімімен айыпталушыға 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Прокуратура кәмелетке толмаған балаларды асырауға арналған алименттерді төлемегені үшін Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін еске салады.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары