Орал – Ақтөбе автожолының 507-шақырымында екі жеңіл автокөлік соқтығысып, қайғылы жол апаты болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Алдын-ала мәлімет бойынша, жүргізушілердің бірі қарсы бағытқа шығып кеткен. Соның салдарынан бетпе-бет соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір автокөліктің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.
Тағы бір зардап шеккен адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының нақты себептері мен мән-жайы анықталуда.