ТЖМ терек мамығына қатысты ескерту жасады

/
ТЖМ терек мамығына қатысты ескерту жасады
112

Терек мамығы өте тез тұтанғыш және үлкен аумақтарды қамтып жоғары жылдамдықпен жанады, деп хабарлайды turkystan.kz.

ТЖМ келесі қауіпсіздік шараларын еске түсіреді:

- терек мамығын өзіңіз өртемеңіз және балалардың өртеуіне жол бермеңіз;

- егер көшеде еркелікпен терек мамығын өртеп жатқан балаларды көрген болсаңыз бей-жай өтіп кетпеңіз;

- балалардың сіріңке мен оттыққа қолжетімділігін шектеңіз;

- аулаларда өрттің алдын алу үшін жиналған терек мамығына су төгіп, оны тұрғын үйлер мен құрылыстардан аулақ алып тастаған жөн.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары