Испаниядағы Наварра университетінің ғалымдары ауқымды зерттеу жұмысын бастамақ. Бұл зерттеу жұмысының басты мақсаты – күніне бір бокал шарап ішу шынымен денсаулыққа пайдалы ма, жоқ па, осыны анықтау, деп хабарлайды turkystan.kz.
The Olive Press-тің мәліметінше, бұл зерттеуге 50-75 жас арасындағы 10 мыңнан астам еріктілер қатыспақ. Әзірге 6 500 ерікті ниет танытқан, мамандар осы жазға дейін тағы 3 500 ерікті іздемек.
Еріктілерді екі топқа бөлмек: бірінші топтағыларға ішімдіктен түбегейлі бас тарту туралы ұсыныстар жолдап отырады. Ал екінші топтағыларға тамақтану кезінде бір бокал шарап немесе сыра ішуді ұсынбақ.
Зерттеу жұмысы төрт жылға жалғасады. Әрі қатысушы зерттеудің басы мен соңында жіті медициналық тексерістен өтеді. Сонымен қатар жарты жылда бір рет мамандармен онлайн форматта кездесу өткізіп отырады.
Бұл зерттеуге 500-ден астам маман жұмылдырылған, соның ішінде дәрігерлер, диетологтар мен психологтар да бар.