Қазгидромет 2025 жылдың 24-26 мамырына арналған ауа-райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің солтүстік өңірлеріне әлі де ыстық жаз жеткен жоқ.
«Ел аумағының көп бөлігінде жаңбыр мен найзағай әкелген циклоннан кейін, енді антициклон жылжып келеді. Бұл Батыс Қазақстан өңірлерінде жауын-шашынның тоқтауына және солтүстік өңірлерде ауа температурасының едәуір төмендеуіне себеп болады. 25 мамыр күні Батыс Қазақстан облысында, 25 мамырда Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында, 26 мамырда Павлодар облысында түнгі уақытта 1-3 градус үсік күтіледі», – делінген хабарламада.