Бүгін өткен Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысында сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров марқұмға пышақтың қалай сұғылғанын айтып берді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Төбелес кезінде 16 жастағы Шерзатқа пышақтың сабына дейін сұғылғаны белгілі болды.
«Пышақтың ұзындығы жарақаттың тереңдігінен қысқа болған. Пышақтың ұзындығы 10 сантиметр, ал жарақаттың тереңдігі – 12 сантиметр. Мұнда пышақ сабына дейін сұғылған. Пышақ кірген кезде үстінен басылған, сол себепті пышақтың жүзі сәл иілген. Соның нәтижесінде жарақат сәл тереңдеген», – деді сот сарапшысы.
Еске сала кетейік, бұған дейін Тахир Халимназаров бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың сотында да сарапшы ретінде куәлік берген болатын.