Талдықорғанда Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысы өтіп жатқан кезде жер сілкінісі болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жер сілкінген кезде сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров сөйлеп жатқан.
Сот үзіліс жариялап, барлық қатысушылар шұғыл түрде ғимараттан шықты.
Төтенше жағдайлар министрлігі жер сілкінісінің эпицентрі Талдықорғаннан солтүстікке қарай 12 шақырым жерде орналасқанын хабарлады. Жердің сілкінісі 16:01 минутта тіркелген.