«Түрлі сынақтардан өттік»: Жұлдыз Әбдікәрімова қызына қатысты жаңалығын бөлісті

/
«Түрлі сынақтардан өттік»: Жұлдыз Әбдікәрімова қызына қатысты жаңалығын бөлісті
instagram

Әнші Қайрат Нұртасытың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова үлкен қыздарының 11-сыныпты аяқтап, түлек атанғанын айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

Актриса жыл бойы қызымен әртүрлі сынақтардан өткенін айтып, үнемі толқып, уайымдап жүргенін жасырмады. 

«Бүгінгі күн сен үшін де, мен үшін де маңызы зор ерекше күн. Жыл бойы екеуміз түрлі сынақтардан, эмоциялардан, қызықты сәттерден өттік. Енді міне жемісін теретін кезеңге жеттің. Шүкір! Қадамың оң болғай.

11-сынып атанғаннан бастап менің толқуым бір сәтте сейілген емес. Иә, мойындаймын… ана болған соң уайым да болды, дегенмен де қызым, саған деген сенім одан да жоғары болғанын да жасырмаймын. Өзіңмен бірге есейіп өстім, дамыдым!», - деп жазды ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары