Дәрігер Александр Олмос апельсин шырынында көп мөлшерде С дәрумені бар деген пікірді жоққа шығарды. Бұл туралы ол El Español басылымына берген сұхбатында айтты.
Олмостың түсіндіруінше, С дәрумені апельсиннің қабығы мен жемісі арасындағы ақ түсті бөлігінде болады. Оны көбі жей бермейді.
Сонымен қатар, дәрігер қазіргі апельсиндердің 100 жыл бұрын өсірілген сорттардан айтарлықтай ерекшеленетінін айтты. Олардың құрамында қант көп, ал талшық (клетчатка) аз.
Дәрігер осыған байланысты бір стакан апельсин шырыны ағзаға ешқандай пайда әкелмейтінін, керісінше, зат алмасуға кері әсер етеді деп қорытындылады .