Оқиға 22 мамыр күні сағат 23:00 шамасында болған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ақтөбе облысы ТЖД мәліметінше, жасөспірім Шалқар көлінде шомылып жүрген кезінде суға батып кеткен. Бұл оқиға шомылуға тыйым салынған жерде, яғни бөгет маңында (учаске ұзындығы 120×40 м, тереңдігі 4-тен 6 метрге дейін) орын алған.
Аталған жерде шомылуға тыйым салынғанын білдіретін белгі орнатылған. Жасөспірімнің денесін құтқарушылар судан алып шықты. Ол 15 жаста болған.
ТЖД судағы қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салады. Ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауды және шомылуға арналмаған, тыйым салынған жерлерде суға түсуге жол бермеуді сұрайды.