Кейінгі кезде жасанды интеллектті пайдаланып, азаматтарды алдайтындар көбейіп кетті. Осы орайда Ұлттық банк алаяқтарға алданбау жолын ұсынды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл қалай жүзеге асады?
Алаяқтар танымал адамның, досыңыздың не туысыңыздың бет-әлпетін, даусын немесе хабарламасын қолдан жасап, жалған видео, аудио немесе мәтін таратады.
Өзіңізді қалай қорғауға болады?
1. «Досыңыздан» немесе «әріптесіңізден» хабарлама келсе, алдымен оларға қоңырау шалып, растап алыңыз.
2. Қос факторлы аутентификацияны пайдаланыңыз.
Киберқауіпсіздіктің негізгі ережелері:
– Күмәнді хабарламалар мен сілтемелерге сенбеңіз.
– Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде жеке дерегіңізді ешқашан жария етпеңіз.
– Құрылғыларыңыздағы қосымшалар мен жүйелерді үнемі жаңартып отырыңыз.
Маңызды ақпарат:
Ұлттық Банк
🚫 жеке тұлғаларға шот ашпайды
🚫 ақшаны сақтандырмайды
🚫 халықпен есеп айырыспайды
📞 Байланыс орталығы – 1477