Шымкентте мектеп директоры 71 млн теңге жымқырған

/
Шымкентте мектеп директоры 71 млн теңге жымқырған
istockphoto.com

Шымкент қаласындағы жалпы орта мектеп директоры 2022 жылдың ақпаны мен 2024 жылдың тамызы аралығында бас есепшімен бірігіп, мұғалімдерге еңбек жалақысынан артық ақша аударып отырған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол ақшаларды өзінің және туыстарының шотына аудартып, қолма қол алып, мемлекетке 71 млн теңгеден аса залал келтірген.

Одан бөлек 2022 жылы декреттік демалыстағы мұғалімнің бала күтімінен мерзімінен бұрын жұмысқа шыққаны үшін 150 мың теңгені оқу ісі жөніндегі орынбасары арқылы пара ретінде алған.

Сот үкімімен сотталушылар кінәлі деп танылып, олар мемлекеттік қызметте және мемлекеттік ұйымдарда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, әр қайсысына 8 (сегіз) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары