«Құны – 520 млн теңге»: Семей орманынан 260 мың көшет ұрланған

/
«Құны – 520 млн теңге»: Семей орманынан 260 мың көшет ұрланған
Абай облысының Полиция департаменті

Абай облысының Полиция департаментінің қызметкерлері Бесқарағай ауданының аумағында жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, 260 мыңнан астам көшеттің ұрланғанын анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

 «Семей орманы» РММ Долон филиалының аумағынан жалпы сомасы 519 861 516 теңгеге бағаланған 264 426 көшет жасырын ұрланған.

Аталған факті бойынша аса ірі көлемдегі ұрлыққа қатысы бар облыс тұрғындарына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді.

2025 жылғы 21 мамырда Курчатов қаласының соты үкім шығарып, күдіктілердің кінәсі дәлелденіп, олар мүлкін тәркілеусіз 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары