Әнші, актер Ерден Жақсыбек көпшіліктің қазіргі деңгейге еңбекпен жеткенін жете түсінбейтінін айтады.
«Бала күндегі Ерденнің дауысын ешкім естімеген. Ол кездегі дауысымды тыңдаса, ешкім «Талант» деп айтпайтын еді. Өйткені ол – еңбек. Жасөспірім уақытқа дейін әкем дайындап, одан ары мен өз-өзімді дамыту процесіне кеткенімді ешкім білмейді. Уитни Хьюстон, Мэрайя Кэрилерді тыңдап, олардың иірімдерін үйрендім. Мұның барлығын бойыма сіңгеннен кейін көпшілік дайын өнімді көреді де, «Сен – талантсың ғой, бірақ жалқау болмасаңшы» деп айтады», – дейді әнші НТК бағдарламасына берген сұхбатында.