Көкшетауда жұмыс орнында күйеуі пышақтаған келіншек есін жиды

/
Көкшетауда жұмыс орнында күйеуі пышақтаған келіншек есін жиды

Бірнеше күн бұрын Көкшетауда жұмыс орнында күйеуі пышақтап тастаған 30 жастағы келіншек есін жиды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Келіншек шағын несие беретін ұйымда жұмыс істеген. Күйеуі сол жұмыс орнына келіп, келіншектің әріптестері мен клиенттердің көзінше пышақтаған.

Дәрігерлердің сөзінше келіншек ғайыптан тайып аман қалған. Пышақты он шақты рет сұққандықтан екі литрден аса қан жоғалтқан. Пышақ жүрегіме тимегендіктен ғана аман қалған. Ота 4 сағатқа созылған.

«Егер бәрі жақсы болса екі тәулік реанимацияда жатады. Содан кейін хирургия бөлімшесіне ауыстырылады», - деді Көкшетау қалалық ауруханасының дәрігері Арман Қапанов.

Одан кейін келіншекке екінші ота жасалуы керек.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары