Дүңгіршек пен қоршауды соғып, оқиға орнынан кетіп қалған жүргізуші сотталды

/
Дүңгіршек пен қоршауды соғып, оқиға орнынан кетіп қалған жүргізуші сотталды
istockphoto.com

Қостанай облысының Лисаков қаласының тұрғыны ішіп алып, «LADA 219060» автокөлігіне мініп, рөлге ие бола алмай, «Mercedes-Benz E200» маркалы автокөлікке және «Көкөніс-жеміс» сауда дүңгіршегіне соқтығысқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұдан кейін рөлге ие бола алмай, металл қоршауға соғылып үш бөлігін бүлдірген, содан кейін оқиға орнынан жасырынған.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан жәбірленушілерге материалдық зиян келген.

Сот отырысында ол өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді.

 Лисаков қалалық сотының қаулысымен құқық бұзушы әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 30 тәулікке әкімшілік қамауға алу және 8 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары