«Іштей әлдене жетпейді»: Төреғали Төреәлінің қарындасы әсерлі жазба жариялады

/
«Іштей әлдене жетпейді»: Төреғали Төреәлінің қарындасы әсерлі жазба жариялады
Ашық дереккөзден

Жақында үйлі болған танымал коуч, психолог Фариза Төреәлі жақында тағы оқырмандарын қуантатынын айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

Фариза Төреәлі жақында қыз-келіншектерге арналған дамушы орта құратынын жариялады.

«Анам жаңа үйіме ыдыстар сыйлады. Әдемі, жайлы. Берекесімен келгендей. Сол ыдыстарға қарап отырып, ойландым. Үйіміз жаңарды, асүйіміз көркейіп жатыр. Ал ішіміз ше? Жанымыздың дастарханы қандай күйде? Кейде бәрі бар сияқты. Бірақ іштей әлдене жетпейді. Соны түсінгенде, бір орта құрғым келді. Жай ғана курс емес… Жанмен сөйлесетін, жүрекпен үндесетін жылы орта. Фәләһ кілті ортамыз. Мұнда дін туралы да, өзіміз туралы да шынайы, жұмсақ, терең сырласамыз. Егер сен де іштей шаршасаң, жүрегіңде тыныштық жетіспесе – кел. Бірге отырып, жанның дастарханын толтырайық. Берекені тек ас үйге емес – ішке де шақырайық. Бөліскің келсе – сырыңды ақтар. Сөйлегің келсе – тыңдаймын. Түсінетін адамдар бар, құрбың Фариза», - деді психолог ару.

Еске сала кетсек, Төреғали Төреәлінің қарындасы жаңа үйін көрсеткен болатын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары