Түркістандық зілтемірші әлем рекордын жаңартты

/
Түркістандық зілтемірші әлем рекордын жаңартты
Түркістан облысы ӨКҚ

Норвегияның Драммен қаласында пауэрлифтингтен жастар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.

Аталаған жарыста Түркістан облысының спортшылары жоғары нәтиже көрсетті.

Классикалық жатып сығымдау сайысында жасөспірім қыздар арасында Барно Жұмабаева алтын жүлдені жеңіп алып, әлем рекордын жаңартты. Сонымен қатар, ол абсолюттік жеңімпаз атанып, Қазақстанның атын әлемге танытты.

Ал, жасөспірім ұлдар арасындағы жарыста да отандастарымыз жүлдесіз қалмады. 53 келі салмақ дәрежесінде Сұлтанхан Нысанбек күміс жүлдеге ие болса, 74 келіде өнер көрсеткен Мыңтемір Бахытұлы қола медальды қанжығасына байлады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары