Белгілі әнші Әлішер Кәрімовке Президент Жарлығымен «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағы берілді, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Сонымен қатар «Алматы әуендері» КМҚК эстрадалық-симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі Александр Беляков және әнші, «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ қауымдастырылған профессоры Айгүл Қосанова да «Қазақстанның халық әртісі» атағын алды.
Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада бірақатар мәдениет және өнер қызметкерін марапаттаған болатын.