Каспий теңізінен зымыранды сүңгуір қайығы табылғаны рас па? (ВИДЕО)

/
Каспий теңізінен зымыранды сүңгуір қайығы табылғаны рас па? (ВИДЕО)
Видеодан алынған скриншот

Каспийде сүңгуір қайық табылды деген видео жалған болып шықты, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы lada.kz жариялады. 16 мамыр күні әлеуметтік желілерде Каспий теңізінен зымыран тасығыш сүңгуір қайық табылды деген видео тарады. Жергілікті Instagram парақшаларында жарияланған бейнежазбада ұзынша, тот басқан темір бөлшек көрсетілген. Видео авторлары оны сүңгуір қайыққа ұқсатқан.

Алайда бұл ақпаратты Түпқараған аудандық балық инспекциясы басқармасының бөлім басшысы Қонарбай Базарбаев жоққа шығарды.

" Бұл – ешқандай да ядролық сүңгуір қайық емес. Видеода ескі кемелердің бірінің сынығы көрсетілген. Біз Каспийдің солтүстік бөлігін үнемі бақылап, патрульдеп жүреміз. Мұндай қалдықтарды жиі көреміз. Қазір теңіз суы тартылып жатыр. Бұрын бұл сынықтар 5-7 метр тереңдікте жатса, қазір теңіз таязданып, тереңдігі 3 метр шамасында ғана болып қалды. Сол себепті бұрын су астында жатқан баржалар мен кемелердің қалдықтары қазір бетіне шығып жатыр", – деді ол.

Қонарбай Базарбаевтың айтуынша, желіде тараған ақпарат – жалған, алаңдауға негіз жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары