Жас жігіт танысының телефонын алып, 1 млн теңге несие рәсімдеген

/
Жас жігіт танысының телефонын алып, 1 млн теңге несие рәсімдеген
istockphoto.com

Астанада алаяқтық дерегі бойынша 29 жастағы азамат қолға түсті. Ол өзінің танысының сеніміне кіріп, оның телефонын заңсыз пайдалану арқылы банктен шамамен 1 миллион теңгеге жуық тауарлық несие рәсімдеген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Тергеу барысында ол өз кінәсін толық мойындады.

Қазіргі уақытта аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға цифрлық қауіпсіздікке ерекше көңіл бөлу қажеттігін ескертеді.  Банк қосымшаларына қолжетімділік беретін құпия сөздер мен деректерді бөгде адамдарға еш жағдайда беруге болмайды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары