Боксшы Диас Берікбай Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

/
Боксшы Диас Берікбай Азия чемпионатының жартылай финалына шықты
olympic.kz

Шри-Ланкадағы 22 жасқа дейінгі санаттағы Азия чемпионатында 51 кг дейінгі салмақта сынға түсетін боксшымыз Диас Берікбай жүлдегерлер қатарына қосылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол жарысты ширек финалдан бастап Камбоджа өкілінен бір бас жоғары болды. Енді финал жолдамасын Непал спортшысымен сарапқа салады.

Бұған дейін тағы бір боксшымыз Жасурбек Анорбаев жартылай финалға шыққан болатын. Ол (-57 кг) жарыс қожайынын 3 рет есеңгіретіп, мерзімінен бұрын басым түсті. Анорбаевтың келесі қарсыласы - Непал боксшысы.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары