Ұлттық ұлан сарбаздары оралған түйіншекті алып өтпек болған ер адамды колония маңын күзету кезінде ұстаған.
«Күдікті колония аумағына лақтырмақ болған түйіншектен SIM-карталары бар бірнеше смартфон, қуаттағыш құрылғы, роутер, құлаққаптар, жаялықтар мен дәрі-дәрмектер табылды», — деп мәлімдеді ҚР Ұлттық ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.
Сотқа дейінгі тергеу барысында ұсталған адамның бұрын осы мекемеде алаяқтық үшін жазасын өтегені анықталды.