Теннисші Зарина Диас халықаралық турнирдің ширек финалына шықты

/
Теннисші Зарина Диас халықаралық турнирдің ширек финалына шықты
olympic.kz

Қазақстандық теннисші Зарина Диас Жапонияның Куруме қаласында өтіп жатқан турнирдің 1/8 финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ширек финалға шығу үшін өткен матчта Диас жапониялық Лиза-Мария Риуге қарсы ойнады.

Кездесу 6:1, 6:3 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына аяқталды.

Енді Заринаның келесі қарсыласы – тағы бір жапониялық теннисші Момоко Кобори болмақ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары