Ғалымдар қартаюға қарсы дәрі жасауға бір табан жақын қалды

/
Ғалымдар қартаюға қарсы дәрі жасауға бір табан жақын қалды
сурет: istockphoto.com

Халықаралық ғалымдар тобы қартаю белгілерін баяулатып, ұзақ әрі сапалы өмір сүруге мүмкіндік беретін гендік терапияны сәтті сынақтан өткізді. Бұл жаңалықты Барселона автономды университетінің Неврология институтының зерттеушілері жариялады.

Зерттеу барысында ғалымдар Klotho (s-KL) деп аталатын ақуыздың бөлінетін түрінің деңгейін арттыру арқылы егде жастағы ағзаның жұмысын жақсартуға болатынын дәлелдеді. Бұл ақуыздың деңгейі артқанда бұлшықет пен сүйек күшейіп, мидағы нейрондардың қызметі жақсарған.

Ғалымдар s-KL деңгейін гендік терапия көмегімен көтеріп, жас тышқандарға арнайы генді ми мен қан айналымына енгізген. Нәтижесінде ем алған тышқандардың өмір сүру ұзақтығы 15–20%-ға артқан. Олар белсендірек болып, бұлшықет массасы көбейіп, сүйек саулығы жақсарған. Сонымен қатар, ми қызметі жақсарып, когнитивтік функцияларда оң өзгерістер байқалған.

Зерттеу тобы Klotho ақуызының когнитивтік бұзылыстарды емдеудегі рөлін патенттеп те үлгерді. Ендігі кезекте бұл терапияны адамдарға қолдану мүмкіндігін зерттеу және препаратты қажетті мүшелерге тиімді жеткізу жолдарын әзірлеу қалды.

Бұл жаңалық салауатты қартаю бағытындағы ғылымдағы үлкен серпіліс болмақ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары